Ортаңғы «Арнау» тобы
Топ туралы мәлімет
Ортаңғы «Арнау» тобы 2023 жылдың жаз айынан ең алғашқы рет балабақшаға аяқ басқан кішкентай сәбилерден құралған. Сәбилердің жас ерекшелігін ескере отырып балабақшадағы күндері қызықты өткізу үшін түрлі жұмыстар атқарылуда.Кішкентай бүлдіршіндеріміз түрлі мерекелік іс-шараларда белсене ат салысып, өз өнерлерін көрсетуге тырысады. Балалардың ішінде әнші, биші, бояушы, сызушы балаларды байқауға болады.Кішкентай балалар тәрбиеші көмегімен киініп, жуынып, сүртінеді., бір-біріне көмектеседі. «рахмет», «кешір» «өтінемін» сөздерін айтып отырады . Сонымен қатар топта мақал — мәтелдер, жаңылтпаштар, ертегілер айтылып , ұлттық ойындар ойнатылады . Ондағы мақсатымыз біріншіден балалардың тілін дамыту, екіншіден қайырымдылықты–халықтан, пайымдылықты- қариядан үйрен деген ұлтымыздың тал бесіктен жер бесікке дейінгі екі аралықтағы өмірінің мәні боларлық адами қасиеттермен әдет ғұрыпты оқу қызметін ұйымдастыруда үйреніп, алдағы өмірлерінде арқау болатынын ұғындыру. Ол үшін тобымызда балаларға барлық жағдай қарастырылған. Ұлттық бұрыш, ұлттық ойындарға арналған құралдар, қуыршақ театры т.с.с
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған.Сондықтан да баланың бойына ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық өз тілін , елін, жерін сүйетін адамгершілік қасиеттерді балаларды бойына сіңіре олардың кішкентай кезінен сіңіре бермекпіз.

Мустафина Гулия Урстемқызы, тәрбиеші.
Мен Мустафина Гулия Урстемқызы, болашақ ұрпақты тәрбиелеу мен білім беруде өз үлесімді қосып келе жатырмын..Балалар біздің болашағымыз,егемен еліміздің ертеңі..Сондықтан осы ұрпақтың ойы озық, білімі терең, тәлім — тәрбиесі жоғары болу үшін бойымдағы бар күш- жігерімді аямай ету менің мақсатым..Сол мақсатымды іске асыру үшін аянбай еңбек ете беремін.

Шауменова Салтанат Сапарғалиқызы, тәрбиеші
Мен кіммін? Мен , әрі суретші, әрі әртіс, әрі баланың жан дүниесін түсіне алатын маман ретінде балаларымды тәрбиелеуге бұрыннан келе жатқан құндылықтарды бойына сіңіріп, ойына ұялатуға тырысамын.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуге балаға» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, менің де осынау қастерлі мамандықтың иесі атанғаныма 13 жыл болған екен. Сол 13 жыл ішінде әртүрлі семинарға, конкурстарға қатысып келемін.
Балалармен жұмыс жасау –үлкен бақыт. Себебі, тек қана бала, еш нәрсегеге де алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақаның қойып, өз құпяларын айтып, маған сенім артады. Пәк көңіл балаларымен ара-қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды, себебі мен оларға, олар маған керектігіне сенімдімін. Осы сенімнің болуы – әр тәрбиешінің бақыты деп ойлаймын.



