«Ботақан» тобы
Қазіргі «Ботақан» тобы 2021 жылдың жаз айынан ең алғашқы рет балабақшаға аяқ басқан кішкентай сәбилерден құралған. Балабқшаға алғаш келген күндерінен былтырғы жылға дейін басқа тәрбиеші болған. Бүгінде осы топта екі жылға жақыннан бері жетекшілік етіп келе жатырмын. Төрт жылдың ішінде балалар есейіп оң солын мүмкіндіктерінше тани алады. Барлығымыз екі жылға тақау ішінде бір отбасындай бір-бірімізге бауыр басып, тату тәттіміз.Тобымдағы балаларым өте ақылды, алғыр. Балалалардың балабақшадағы әр күндері қызықты өткізу үшін түрлі жұмыстар атқарылуда. Осы уақытқа дейін кішкентай бүлдіршіндеріміз түрлі мерекелік іс-шараларда белсене ат салысып, өз өнерлерін көрсетіп келеді. Балалардың ішінде әнші, биші, бояушы, сызушы балаларды байқауға болады және психологиялық мінездері де әр түрлі балаларды кездестіруге болады. Балалар бір-біріне үнемі көмектесіп, қол ұштарын беріп отырады. Күнделікті жоспарлы түрде ұйымдастырылған оқу іс әрекеттері уақытылы өткізіледі. Балаларға мақал — мәтелдер, жұмбақтар жаңылтпаштар, ертегілер айтылып, ұлттық ойындар ойнатылады. Сонымен интеликтуалды әр түрлі дамытушы ойындар ойнатылады. Ондағы мақсатымыз балалардың тілін дамыту, сөздік қорларың кеңейту, білімдерін арттыру. Сондықтан да баланың бойына ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық өз тілін , елін, жерін сүйетін адамгершілік қасиеттерді балаларды бойына сіңірте отыра, сонымен бірге патриоттық сезімге баулу арқылы жақсы тәрбие берудеміз.
Тәрбиеленушілеріме сапалы тәрбие мен білім беруде үнемі ізденіс үстінде жүремін. Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында бәсекеге қабілетті тұлға дайындау – менің тәрбиешілік міндетім. Алдағы уақытта жаңа технологиялардың тиімді әдістерін зерделеп, оқу қызметіне байланыстыра отырып, олардың білімге деген құлшынысын арттыруды әрі қарай жалғастырамын деген ойдамын. Жеке пікірлерін жеткізе білетін, білімін өмірде қолдана алатын тұлға дайындауға алдағы уақытта орындау арқылы шәкірттеріме сапалы білім беріп, өркениетті елдің еңсесін түсірмейтін шәкірт дайындауға өз үлесімді қосамын.

Жанпейіс Жаңагүл Бастарқызы – тәрбиеші.
Мен Жанпейіс Жаңагүл Бастарқызы – тәрбие жұмысына үнемі атсалысып, балаларға қамқор болып жүретін, тәрбие мен өнерді үйретуші, үйлестіруші жанмын. Бүгінгі таңда тәрбиеші болу оңай жұмыс емес. Қиыны мен қызығы, талабы мен жемісі қатар жүретін өз мамандығымды қатты жақсы көремін. Өйткені, бұл мамандық — менің жүрек қалауым. Сондықтан да мен өз мамандығымды жоғары бағалаймын. Себебі түрлі тәрбиелік шараларды өткізе жүріп, олардың бойындағы қасиеттерін танып-біліп, бағалап-ескеріп, жан-дүниесін түсінуге тырысамын. Әр баланың бойындағы көрінбей жүрген талантын жарыққа шығарып, жеке тұлға болып қалыптасуына көмектесемін.



