Біртұтас тәрбие бағдарламасы
Біртұтас тәрбие бағдарламасы
Бүгін, 2024 жылдың 29 тамызында Астана қаласы әкімдігінің «Нұр-Ай» балабақшасында педагогикалық қызметкерлерге арналған «Біртұтас тәрбие бағдарламасының» түсіндірме және талқылау жұмыстары жүргізілді. Аталған бағдарламаның мақсаты жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.


Бағдарламаны балабақша әдіскері А.С.Талипова, толығырақ таныстырды. Бағдарлама мазмұны ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалатының түсіндіріп өтті. Бағдарламаға қоса Астана қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 2024-2025 оқу жылындағы тәрбие жоспары бойынша Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдары үшін күнделікті атқарылатын іс-шара жоспарымен таныстырып өтті. Барлық педагогтарға бұл міндетке жауапкершілікпен қарауға шақырды.
