Кіші «Дарын» тобы
Мектепке дейінгі жаста бала күрт өзгереді: психофизиологиялық функциялар жақсарады, оқу іс-әрекетімен тікелей байланысты танымдық мотивтердің қарқынды дамуы байқалады, интеллектуалды белсенділік пен жаңа білімді игеру қажеттілігі туындайды. Тәрбиелеу – білім беру процесін ұйымдастыруда педагогтерге келесі негізгі қағидаларды назарда ұстау ұсынылады:
ойын арқылы оқыту; білім беру салаларын кіріктіру арқылы тәрбиелеу, оқыту, дамыту. Мектепке дейінгі жас баланың жеке тұлғасын қалыптастыру өте маңызды. Бұл жаста балалардың сөйлеу, сенсорлық дағдылары қалыптасады, сондай-ақ ақыл-ой, дене, эстетикалық, патриоттық тәрбие беру көзделеді. Мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиелеу-білім беру қызметін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес жүзеге асырады.

Омарова Гүлшат Мырзағалиқызы, тәрбиеші.
Мен Омарова Гүлшат Мырзағалиқызы , ортаңғы ”Дарын” тобының тәрбиешісі. Адам мақсат қою арқылы көптеген жетістіктерге жете алады.Қай салада еңбек етсенде оқу,жаңа білім алу күнделікті өмір талабы болып келеді.
Ұстаз болу – бала жанының бағбаны болу. Баламен бірге ойнап, бірге күліп, сабақ үйретіп, оның жүрегіне жол табу және оған көмек көрсете білу. Әр бір қызықты сәттерден есте қалатындай әсер алу.
Шәкірті айтқанын іліп алып кетіп, өзінің кәдесіне жаратса, ұстазға осындан артық мәртебе жоқ. .Баланың тұлға болып қалыптасуына жол нұсқайтын ұстаздардың орны бөлек. Менде өзімді сол ұстаздардың қатарында көргім келеді. Сол үшін аянбай еңбек етуге әр қашанда дайынмын. Еліміздің жарқын болашағы біздің қолымызда.


