Ересек «Керуен» тобы
Топ туралы мәлімет
Қазіргі ересек «Керуен» тобы 2022 жылдың жаз айынан ең алғашқы рет балабақшаға аяқ басқан кішкентай сәбилерден құралған. Бүгінде осы топта екі жылдан бері жетекшілік етіп келе жатырмын. Екі жылдын ішінде балалар есейіп оң солын тани бастады. Барлығымыз бір отбасыдай бір-бірімізге бауыр басып, тату тәттіміз.Тобымдағы балаларым өте ақылды, алғыр. Балалалардың балабақшадағы әр күндері қызықты өткізу үшін түрлі жұмыстар атқарылуда. Осы уақытқа дейін кішкентай бүлдіршіндеріміз түрлі мерекелік іс-шараларда белсене ат салысып, өз өнерлерін көрсетіп келеді. Ұстаз болу – өз уақытын аямау , өзгенің бақытын аялау деп белгілі ақынымыз ұлт болашағы үшін күрескен Алаш қайраткері Мағжан Жумабаев атамыз айтып кеткендей шыныменде ұстаздық жолы қоғам үшін ұлт болашағы үшін жауапкершілігі мол мамандық . Ұстаз- ұлық емес ,ұлы қызмет.Ұрпақ тәрбиесі- болашақ тірегі. Әр педагог жауапкершілігінде мемлекетіміздің болашақ тірегі болатын адамгершілігі мол , салауатты дамыған білім бағдарламаларын меңгерген , жағымды қарым-қатынас мәдениетін орната алатын , ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген , потриоттық сезімі бар, коммуникативтік және әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды меңгерген , физикалық , зияткерлік , көркем-эстетикалық , шығармашылық қабілеттері мол жақсы ұрпақ дайындау. Жалпы өзімнің бес жылдан аса жұмыс жасаған педагогикалық қызмет жолымда 130 дан астам отбасымен жұмыс жасаппын. Балабақша мен мектептен бөлек отбасы ошақ қасында әр бала өзінің ұясында алатын тәрбиенің орны бір бөлек. Ал осы әр отбасынан жиналып құралатын отыз түрлі баланы бір топқа жинап тәлім-тәрбие беру ол үлкен жұмыс пен жауапкершілік. Жұмыс барысын да өте қызықты жағдайлар көп орын алады. Әр үйдің сыры-басқа демекші, әр отбасында тәрбиленген балалардың да тәлім-тәрбиесі әр түрлі болады. Жалпы педагогикалық жолымда қандайда тәлімгерлерді алсам ең бірінші талап ететінім ол – тәртіп .Тәртіп бар жерде тәрбие болады . Тәрбие бар жерде білімде болады осы тұста Әбу Насыр Әл-Фараби атамыздың «тәрбиесіз берілген білім –адамзаттың хас жауы » деген нақыл сөзін айта кеткім келеді. Тәрбие бесіктен беріледі.Баланың ақылды, парасатты , әдепті болып өсіуі-ата-ананың мерейі.

Ермахан Динара Ерланқызы , тәрбиеші
Мен Ермахан Динара Ерланқызы ересек «Керуен»тобының тәрбиешісі.Ұстазы мықтының ұстанымы мықты демекші , өзім тәрбиелеген шәкірттерімнің өмірлік ұстанымдары мықты болады деп сенемін. Ұстаз- ұлық емес ,ұлы қызмет.Ұрпақ тәрбиесі- болашақ тірегі. Әр педагог жауапкершілігінде мемлекетіміздің болашақ тірегі болатын адамгершілігі мол салауатты дамыған білім бағдарламаларын меңгерген , жағымды қарым-қатынас мәдениетін орната алатын , ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген , потриоттық сезімі бар, коммуникативтік және әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды меңгерген , физикалық , зияткерлік , көркем-эстетикалық , шығармашылық қабілеттері мол жақсы ұрпақ дайындау-бұл менің міндетім.

