Робототехника
Робототехника — бұл тұлғаның үйлесімді қалыптасуына, командада және жеке жұмыс істей білуді, шығармашылық пен логиканы дамытуға ықпал ететін тамаша мүмкіндік.
Мақсаты: Бұл жерде балаларға ұсақ моторика, шығармашылық, физиканы (механика және электр) зерттеу және командада жұмыс істеуді үйренеді.
—Ұсақ моторика: конструктордың ұсақ бөлшектерімен манипуляциялар мектепке дейінгі жастағы балалардың қолдарының жұқа қимылдарын дамытуға ықпал етеді;
—Конструкциялау: бала роботтардың ұсақ бөлшектерінен құрастыруды үйренеді, роботқа қандай да бір бөлшектер не үшін қажет екенін және ол онсыз жүре алады ма?
—Бағдарламалау: Роботтар қандай да бір бағдарламасыз жасай алмайды. Балалар дайын бағдарламалық карта арқылы программалау ұғымдарына үйренеді ;
—Шығармашылық: роботты құрастыру балаға робот бейнесін жасауға толық еркіндігін береді, ал бұл қиялға арналған жақсы тренажер.
Мектепке дейінгі балалардың робототехника бағытында тапсырмаларын орындау барысында балалардың қиялдары мен саусақ моторикасы дамып, шығармашылық қабілеттері белсенді түрде артады. Қарапайым сызбалардың көмегімен берілген тапсырманы орындауға . Құрастыру барысында үлгі бойынша дұрыс жұмыс жасауды, берілген шарттар бойынша құрастыру, әр бір бөлшектін маңыздылығы туралы түсінік қалыптасады. Жеке жұмыс жасау арқылы баланың өз мүмкіндіктері дамып жетіледі. Оқу әрекетінде бала өзін-өзі қалыптасуына өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс — тәсілдерді іздеп, проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Робототехника үйірмесінде балалар топтық жұмыс жасау барысында достық, сыйластық, қарым-қатынастарды сақтай отырып жұмыс жасауды үйренеді.
Құммен сурет салу
Мақсаты: Балалардың қиялын,танымдық ,есте сақтау қабілеттерін,қол моторикасын,логикалық ойлауды,қатарластарымен және сыртқы әлеммен қарым қатынасты дамыту.
Құммен сурет салу – арт терапия түрлерінің бірі. Ол тұлғаның креативті,
шығармашылық дамуы мен үйлесімділігінің қалыптасуына ықпалын тигізеді.
Құммен сурет салу-барысында ертегі терапия,музыкалық терапия,бейнелеу
терапия,ойын терапиясы бірігіп қолданыдады.
Құммен сурет салу балаға жағымды әсері мол заманауи психотерапия
лық әдіс. Балалар сурет салу барысында топтасып жұмыс істеу арқылы,ортаға сіңіседі,еркіндік,өзіне сенім қалыптасып,достық қатынас құрады.
Вокал
Мақсаты: аспаптық шығарманың сипаты мен көркемдік құралдарын анықтай білуге;Баланы әсемдік әлеміне дыбыс арқылы жетелей отырып, сұлулық, ізгілік, адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіруді, қоршаған дүниенің шындығын көркем құралдар арқылы түсіндіру. Жеке тұлғаның рухани мәнін ашу, шығармашылық өнер негізінде шығармашылық жағынан дамыту;
Міндеттері:
-әншілік өнердің даму тарихымен, кәсіби және халық ауыз шығармашылық дәстүрлерімен, оның көп түрлі құрамымен танысу;
-оқушыларға ән айту ережелерімен және сахна мәдениетінің қыр — сырларын тереңдете үйрету;
-кәсіби музыканың ерекшеліктерін ажырата білу біліктерін дамыту;
-музыка сауатты негізімен қаруландыру;
-үйренген музыкалық шығармалардың авторларымен таныстырып, қандай жанр түрлерінен жататынын анықтай білуге;
-оқушыларды жеке және хормен қосылып ән айтуға үйрету;
-әртүрлі құралдардың дыбыс үніндегі дыбыс бояуын ажырата білу біліктілігіне үйрету;
-орындаушылық машығын тәрбиелеу, музыкалық жан — жақтығын кеңейту;
сауаттылығын дамыту;
-вокалды хор дағдысын қалыптастыруға жағдай жасау;
1.Вокалды қойылым Мектепке дейінгі баланы ән айтуға үйреткенде ең бірінші дұрыс отыруына, бастың тұлғасын дұрыс ұстануына, ауыз қуысының дұрыс ашылуына көңіл бөлемін. Дұрыс отыру қалпын сақтасақ, балалардың дем алу диаграммасы дамиды. Ән айтқанда ерінді сәл жымия ұстану керек. Әнді жаттау кезеңінде отырғызып жаттаған дұрыс. Басты тік ұстап, мойнын созбай еш кедергісіз отырамыз.
2.Дыбыс құрау Балалар өзіндік жоғары, ашық дауыспен ән шырқайды. Әнді айғайсыз, қысылмай орындауы керек. Дұрыс дыбыс шығару үшін дауыс аппаратымен өте нақты жұмыс жасалуы тиіс. Олар: астыңғы жақ пен ерін, жұмсақ кішкене тіл. Әр балаға өзінің қалыпты ашық дауысымен ән орындап, айғайсыз, соза ән орындауға үйретемін. Ән айту кезінде астыңғы жақты түсіріп, ауызды толық ашу керек. Дыбыстың дұрыс шығуына кішкентай тілдің жұмсақ төбесі көмектеседі.
3.Дикция— бұл берілген шығарманың әрбір сөзінің анық, мәнерлі дыбысталуы.Ән орындауда бұл бір үлкен орын алады.
Сөйлеу тілімен ән айтудағы дикцияның айырмасы өте зор. Дикцияның дұрыс болуы үшін, қысқа, ұзақ дыбысталу ән қайырымдарын орындаймыз. Көптеген ғалымдар әннің әрбір сөзінің әуенге үйлесімді, дұрыс орындалуында дикцияның орны ерекше екенін атап өткен. 20 ғасырда Гарсиа Мануэль Родригес дикцияны дұрыс сақтаудың жолдары әрбір дауысты дыбысты ашық айту дей келе, дауыссыз дыбыстарды баяу, нәзік орындау керектігін айтқан.
4.Дұрыс дем алу Музыкалық сабақтарда дем алу жаттығулары жүргізілмейді. Дем алу ән айту кезінде қалыптасады. Дем алу ән айтардың алдында жүргізіледі және музыкалық шумақтан кейін жүргізіледі. Сөз ортасында дем алу жүргізілмейді.
5.Интонация тазалығы. Әрбір адамның есту сезімінен басқа, музыкалық қабілеттің болуы міндетті. Музыкалық есту қабілеті, ол әр дыбысты дұрыс қабылдау, жоғары, төмен дыбыстарды ажыратуы, естуі, әуенді есте сақтауы. Музыкалық есту қабілетін сақтау және дамыту керек. Ән орындау балалардың жанына жақын, әрі тиімді. Баланың ән орындау қабілетінің даму табиғатын, дауысы мен есту сезімін зерттеген Николай Афанасевич Метлов өз еңбегінде балаларға вокалдық жаттығулардың, көрнекі ойын құралдарын, халық әндерін, түрлі дауыс дыбыстарына байланысты қысқа ән қайырымдарын қолдана отырып, үлкен жетістікке жеткен. Өз еңбегінде ең алдымен балалардың ынтасын музыкалық метроритмді қабылдауына көңіл аударған.
Адамның дауыс құралы өзінше бір күрделі жүйе. Дем алу жолдары – дауыс құралының бір бөлшегі болып табылады. Олар өкпе, дауыс дірілін көрсететін дауыс шымылдығы, жақтың ашылу, жабылу бұлшық еттері, барлық дауыс шығару құралдары бір-бірімен өте тығыз байланысты. Ән орындау кезінде осы аталған дауыс құралдары жұмыс жасап тұрады. Баланың дауыс құралдары, ересек адамдарға қарағанда, әлдеқайда нәзік және үнемі даму үстінде болады. Сондықтанда, үнемі әдемі, нәзік бала дауысына қорғаныш керек. Осыған орай, мектепке дейінгі балаларды вокалды ән орындау ерекшеліктеріне үйретіп, қазіргі заман талабына сай, дауысы ашық, кішкентай жұлдызшаларды музыкалық тәрбиеге баулып жүрмін.

Теннис
Мақсаты: Баланы жан-жақты дамыта отыра, үлкен тенниске бейімдеу. Өмірде және кез-келген спорт түрінде пайдалы дағдыларды дамытудан басқа, халықаралық аренада елдің намысын қорғайтын кәсіби спортшыларды даярлауға негіз қалайтын дағдыларды қалыптастыру. Балада дене шынықтыру мен спортқа деген сүйіспеншілігін ояту.
Міндеттері:
- Балаларды теннис ойынының қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.
- Медициналық қамтамасыз ету шаралары туралы ақпарат беру.
- Балаларды теннис ойынына баулу.
- Балаларды теннис ойынының әдіс-тәсілдеріне машықтау.
- Теннис ойыны жарысы алдындағы жаттығулар туралы ақпарат беру.
- Теннис ойыны техникасы мен тактикасын меңгерту.
- Теннис ойыны жарысын ұйымдастыру.
- Балаларды әр түрлі денгейдегі теннис ойынынан жарыстарға дайындау және т.б..
Өзектілігі: Дені сау ұлт-дені сау мемлекет. Біздің мемлекетімізге дені сау азаматтар қажет, сондықтан балалардың назарын салауатты өмір салтын сақтау қажеттілігіне аудару және балаларды өз денсаулығына қамқорлық жасауға үйрету маңызды. Адамның дені сау болу үшін ол спортпен шұғылдану керек. Соның ішінде теннис ойыны. Бұл жобаның мақсаты салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен айналысуға. Соның ішінде тенис ойынын басқа спорт түрлерінен ерекшелігін білуге шақыру.
Ойын ерте заманнан бері адам өмірінің ажырамас бөлігі болып келеді, оны өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу және дене тұлғасын дамыту мақсатында қолданды. Ойын – балалар мен ересектердің өзіндік іс-әрекеті. Ол адамдардың демалыстағы, көңіл көтерудегі, танымындағы, рухани және дене күштерін дамытудағы қажеттіліктерін қанағаттандырады. Тенис ойыны қозғалыс орны айқын сезілетін ойындық іс-әрекеттердің бірі. Тенис ойыны үшін өзіндік сюжетпен мотивацияланған (түрткі болған) белсенді шығармашылық қозғалыс әрекеттері сипатты.
Жүзу
Мақсаты: Жүзуге үйрету кезінде балалардың денсаулығын нығайту, суда сенімді және қорықпай ұсталуға және жүзудің бастапқы дағдыларын бойына сіңіру. Жүзу спорты арқылы дене тәрбиесін ұйымдастырып, дене тәрбиесіндегі дене дамуындағы қозғалғыштық қабілеттердің оңтайлы іске асырылуын зерделеу.
Міндеттері:
1.Жүзу спортының ерекшелігі.
2.Жүзу спортына тәрбиелеу.
3.Балалардың суда жүзу қимыл-қозғалыстарын қалыптастыру жолдарын көрсету.
4.Жүзу әдістерін үйрену техникасынан судағы жаттығуларды орындау.
5.Судағы ойындарды ұйымдастыру.
6.Еркін жүзуге баулу.
Өзектілігі: Шынықтырудың ең тиімді құралы – ауа, күннің көзі мен су. Шынықтырудың ең пәрменді түрі суды пайдалану. Суды қолданғанда қажетті температураның күшін, ұзақтығын өзгерте отырып – сүртінгенде, құйылғанда, шомылғанда әр түрлі тәсілдерді пайдаланады.Әсіресе, бала ағзасына қозғалыспен қатар судың, ауаның, күн сәулесінің әсері бірге болса, шомылу мен жүзудің тигізер пайдасы өте көп. Әрдайым үнемі шомылғанда, жүзгенде адам баласының тамыр жүйесі су температурасының алмасуына тез арада ыңғайланып алады. Адам баласы судың температурасы төмендеген жағдайда да, суда ұзақ болуға үйреніп алады. Суда адам денесінің температурасы аз төмендейді де, шомылудан кейін тез өз қалпына келеді. Суыққа деген тұрақтылық пайда болады. Суда жүзу өмірде өте қажет. Жүзу тек қана адам баласының дене шынықтыруы мен сауықтануына ғана пайдалы емес. Жүзе білу дағдысы адам баласына әр түрлі жағдайларда қажетті нәрсе.
Жүзу спорттың бір түрі ретінде, балалар денсаулығының оңалуына тиімді әсерін тигізеді. Жүзу ағзаны шынықтырып, қоршаған ортадағы әр түрлі жағдайларға тезірек бейімделуге көмектеседі. Ол – жүрек тамырының дұрыс жұмыс істеуіне әсерін тигізіп,тыныс мүшелерiнiң дамуына мүмкiндiк туғызады. Жүзу бала келбетінің кейбір кемшіліктерін түзетуге көмектеседі.
Жүзу сабағының тәрбиелік мәні өте зор.Онда балаларды батылдыққа, салмақтылыққа, талап қойылған қағидаларды орындауға, бір – біріне көмектесуге даяр болуға, бір ұжымда іс атқаруға дайын болуға бейімдейді. Бала кезіндегі жүзуге үйренуі, өмір бойы бойында сақталып қалады.
Хореография
Би – музыканың мазмұнына, ырғағына сай дене қимылымен көрсетілетін өнер. Әдемі ырғақты музыка, ерекше безендірілген би сыныбы және шебер педагогтың жылы атмосферасы баланы әдемілікке, өнерге жетелейді.
Би өнерімен айналысу балалардың жалпы денсаулығына жақсы әсер етеді. Нақтысы, жеңіл қозғалыспен дұрыс жүріп тұруына, иілгіштік қабілетінің артуына, ауамен дұрыс демалуына ықпал етеді. Би билеп балалар музыкалық ырғақты түсінуге, музыканы тыңдауға, дыбыстар мен уендерді терең түсінуге, өз сезімдерін мен эмоцияларын музыка арқылы білдіруге үйренеді. Баланың өзіне деген сенімділігі артады.
Мақсаты: Бала бойында би билеу қабілетін қалыптастыру.
Міндеттері: Музыка ырғағына сәйкес би қимылдарын үйрету;
Дененің дұрыс бітімін қалыптастыру, дұрыс демалу, дер кезінде дұрыс қимылдарын жетілдіру;
Музыкалық шығармалардың буын — ырғағын, екпінін, мазмұнын дұрыс түсінуге білуге дайындау;
Билеу кезінде би қозғалысы арқылы мәнерлілігін арттыру;
Би үйрену дағдыларын қалыптастыру;
Күтілетін нәтиже:
Би өнерімен айналысқан ұлдар мен қыз балалар денесінің сымбаттылығымен, әдемі жүріс — тұрысымен, музыкалық ырғақты ажырата білуімен ерекшеленеді. Би өнерімен айналысу шығармашылық шеберліктердің негізін қалап, өзін — өзі жетілдіруге деген қызығушылығын арттырады.
Футбол
Бүгінде әлем халқы бірінші орынға қойған спорт түрі – футбол.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел спортын дамыту үшін алдымен балалар спортына жете зейін қою керектігін жыл сайынғы жолдауында нақтылап ескертіп отырады.
Барлығы бала кезінен басталады, ұлдар аула командаларында немесе спорт алаңдарында бір-бірімен шеберліктерін шыңдайды. Дәл осы кезеңде оларға кейінірек үлкен спортқа жол ашатын дағдылар қаланады.
Сонымен, балалар үшін осы секцияның басты артықшылығы — олар өз мақсатын іздеуде алғашқы қадамдар жасайды.
Футбол ойнай отырып, балалардың жүрек-тамыр жүйесі нығаяды. Жүгіру жүрекке жақсы әсер етеді. Футбол ойыны қарқынды және қозғалысқа байланысты қозғалыс үйлесімі мен реакция жақсы дамиды. Футбол тек физикалық қана емес, зияткерлік дамуды да береді. Өйткені, футбол өте ақылды тактикалық ойын. Футбол секциясында балалар ойын алаңында өздерін көрсетуге барлық мүмкіндік алады. Бұл жеке дамудың ең басты құрамдас бөліктерінің бірі.
Спортта бала (немесе қыз) өз күшін сынап көру, командалық рухты сезіну, оның не істей алатынын және ойын тактикасын қалай жақсы есептей алатынын түсіну мүмкіндігін алады.
Қозғалыс дәлдігі, сондай – ақ олардың үйлесімдігі-бұл кішкентай футболшы үшін де маңызды.
Кекушинкай каратэ
Кекушинкай – бұл жауынгерлік өнердің ежелгі нысаны. Кез-келген Шығыс жекпе-жек өнері, әсіресе каратэ, ең алдымен, мықты рухты қалыптастырады, содан кейін ғана — шымыр денені. Кекушинкай каратэ — ең қызықты және жігерлі стильдерінің бірі. Жауынгерлік өнердің бұл түрі мектепке дейінгі жастағы балаларға лайықты. Қазіргі заманғы бала қозғалтқыштың белсенділігінде жетіспейді. Балалар күшейе түсуде, иммундық жүйе жақсы жұмыс істейді, сонымен қатар спортқа деген қызығушылық пен салауатты өмір салты қалыптасады. Алғашқы каратэ сабақтары икемділікті, баланың арқасының дұрыс қалыптасуы, тонусты жақсартады, балалардың тәбетін және ұйқысын жақсартады.
Домбыра
