Ортаңғы «Ұлытау» тобы
Мектепке дейінгі жаста бала күрт өзгереді: психофизиологиялық функциялар жақсарады, оқу іс-әрекетімен тікелей байланысты танымдық мотивтердің қарқынды дамуы байқалады, интеллектуалды белсенділік пен жаңа білімді игеру қажеттілігі туындайды. Тәрбиелеу – білім беру процесін ұйымдастыруда педагогтерге келесі негізгі қағидаларды назарда ұстау ұсынылады:
ойын арқылы оқыту; білім беру салаларын кіріктіру арқылы тәрбиелеу, оқыту, дамыту. Мектепке дейінгі жас баланың жеке тұлғасын қалыптастыру өте маңызды. Бұл жаста балалардың сөйлеу, сенсорлық дағдылары қалыптасады, сондай-ақ ақыл-ой, дене, эстетикалық, патриоттық тәрбие беру көзделеді. Мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиелеу-білім беру қызметін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес жүзеге асырады.

Жунусханова Бакытжан Мухаметрахымқызы
Тәрбиеші
Мен Жунусханова Бакытжан Мухамтрахымқызы 21 жыл еңбек өтілімім бар бірінші санатты тәрбиешімін. № 54 «Нұр-Ай» балабақшасында 2021 жылдан бері тәрбиеші қызметін атқарамын. 2021 жылы кіші топ қабылдап, осы 2024 жылы мектепке жібердім. Балаларды жақсы көремін. Ендігі алған тобым кіші «Ұлытау» тобы. Алдағы уақытта кішкентай бүлдіршіндеріме сәттілік тілеймін!

