Мектепалды «Әдемі-Ай» тобы
Топ туралы мәлімет
Оқу жылындағы негізгі міндеттер: әр баланың жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жайлы дамытушы қауіпсіз білім беру ортасын, оның ішінде инклюзивті орта құруды; балаларды қызықты ойын түрінде (шаршауды болдырмау үшін) тәрбиелеу, оқыту және дамытуды; баланы білім беру процесіне толыққанды қатысушы (субъект) деп тану; ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларға қоғамның оң көзқарасын қалыптастыруды; мектепте оқуға қажетті дағдыларды жетілдіруді (қауіпті немесе қауіпсіз әрекеттерді бағалай білу; эмоцияларын басқару; баланың жалпы когнитивтік дамуы); әртүрлі әлеуметтік топтардан шыққан балалардың сапалы мектепке дейінгі білім алуы үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету.Тәрбиелеу – білім беру процесін ұйымдастыруда педагогтерге келесі негізгі қағидаларды назарда ұстау ұсынылады: ойын арқылы оқыту; білім беру салаларын кіріктіру арқылы тәрбиелеу, оқыту, дамыту. Мектепке дейінгі жас баланың жеке тұлғасын қалыптастыру өте маңызды. Бұл жаста балалардың сөйлеу, сенсорлық дағдылары қалыптасады, сондай-ақ ақыл-ой, дене, эстетикалық, патриоттық тәрбие беру көзделеді. Мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиелеу-білім беру қызметін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес жүзеге асырады.
Балалардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жан-жақты үйлесімді дамуы үшін жайлы және қауіпсіз жағдайлар жасау болып табылады.

Тулеген Умут Тулегеновна, тәрбиеші
Тәрбиеші болу-қабілеттілік, бейімділік.
Баламен балалық шақты, әлемді оның көзімен көруді, таңдануды және бірге білуді, қайта-қайта өткізуді білдіреді.



