«Ғажайып ғарыш». Мақсаты: Балаларға ғарыш, ғарыштық ұшулар, Байқоңыр ғарыш айлағы туралы түсінік беру. Қазақстанның тұңғыш ғарышкерлері туралы түсінік бере отырып, балалардың ғарыш әлеміне қызығушылығын арттыру. Балалардың байланыстырып сөйлеуін, көркемдік талғамын, шығармашылық қабілетін арттыру.…
«Төрлет, төрлет Әз-Наурыз!» ертеңгілік. Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру. Балаларды ұлттық салт-дәстүрді, мұраларды танып-білуге, сыйлап, түсінуге үйрету. Балалардың ой-қиялының, шығармашылық белсенділігінің және бейнелі ойларының…
Читать дальше
1 қазан- Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай №54 «Нұр-Ай» балабақшасында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Балалар өнерлерін көрсетіп, педагогтар сахналық қойылым қойды. Кәсіподақ төрайымы балабақша зейнеткерлеріне сыйлықтар табыс етті. Музыка жетекшілері: Иманбекова Д.О., Қадыр Ж.Қ Хореограф Сагымбекова А.Ж. Кәсіподақ төрайымы: Таңатарова А.О.
54 “Нұр-Ай” балабақшасында мектепалды топтарында балабақшамен қоштасу ертеңгіліктері өтті. Мақсаты: Балалардың мерекелік көңіл — күйін қалыптастыру. Балабақша, мектеп туралы өлең шумақтар, әндер айтқызу арқылы балалардың тілдерін дамыту. Көріністер арқылы мектепке дайындығын тексеру. Балалардың бір жылда алған білімдерін тиянақтау. Оқуға деген қызығушылығын арттыру